27.2 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында ұстаздардың құқығы қорғалып, әлеуметтік әріптестік дамып келеді

Ақмола облысында ұстаздардың құқығы қорғалып, әлеуметтік әріптестік дамып келеді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында ұстаздардың еңбегін қорғау, жағдайын жақсарту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгінде «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының» облыстық ұйымына 35 мыңнан астам мұғалім мүшелікке өткен. Бұл туралы брифинг барысында Астана қаласы және Ақмола облысы білім, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының ұйымы» ҚБ-нің төрағасы Бейсенбай Абдрахманов мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыс деңгейінде білім басқармасы мен кәсіподақ арасында 2024–2026 жылдарға арналған келісім жасалған. Ол мұғалімдердің еңбек жағдайы, жалақысы, әлеуметтік кепілдіктері сияқты негізгі мәселелерді қамтиды.

Мұғалімдердің жалақысы апталық сағат санына қарай есептеледі. Бұрын кей аудандарда сауықтыруға берілетін жәрдемақы тек 16 сағат көлемінде ғана төленген.

«Қазір кәсіподақтың араласуымен бұл мәселе шешім тапты. Жәрдемақы мұғалімнің толық жүктемесіне сәйкес төленетін болды. Сондай-ақ уақытша әріптесін алмастырған мұғалімге нақты атқарған сағаты үшін еңбекақы толық беріледі»,-деп мәлімдеді спикер.

Жыл сайын жұмыс берушілер мұғалімдердің денсаулығын бақылау үшін медициналық тексерулер ұйымдастыруы тиіс. Соған қарамастан 2024 жылы – 5, ал 2025 жылдың 9 айында – 4 өндірістік жарақат тіркелді. Дегенмен, кәсіподақтың араласуымен зардап шеккендерге келтірілген зиян өтелді.

«Кәсіподақ мүшелері мен белсенділері үнемі оқудан өтіп тұрады. 2024 жылы 2 800-ден астам, ал 2025 жылдың наурыз айында 3 700-ге жуық мұғалім еңбек заңнамасын меңгеру бойынша семинарларға қатысып, сертификат алды»,-деп ерекше атап өтті төрағасы.

Ақмола облысының ұстаздары тек сабақ беріп қана қоймай, өздерінің шығармашылық, спорттық және кәсіби жетістіктерімен де танылып жүр. Кәсіподақтың қолдауымен мұғалімдер түрлі байқауларға, турнирлерге қатысып, марапаттарға ие болып келеді.

Мұғалімдер үшін дәстүрге айналған «Мұғалім» және «Ұстаз» атты спартакиадаларға жыл сайын 400-ден астам ұстаз қатысады. Сонымен қатар үстел ойындары мен спорттық турнирлер өткізіледі.

Сонымен қатар, кәсіподақ мүшелері Мойылды, Шучинск, Жұмбақтас, Сосновый бор, Сарыағаш сияқты танымал санаторийлерде ем қабылдап, денсаулығын түзету мүмкіндігіне ие. Ал биылғы көктемгі каникулда 100 үздік ұстаз Өзбекстанға – Ташкент, Бұхара және Самарқан қалаларына саяхаттап қайтты.

Ақмола облысында кәсіподақ пен білім басқармасының бірлескен жұмысы арқасында ұстаздардың еңбек құқығы қорғалып, әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Бұл тек мұғалімдердің ғана емес, жалпы білім сапасының артуына да ықпал етері сөзсіз.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
27.2 ° C
27.2 °
27.2 °
29 %
9kmh
0 %
Чт
27 °
Пт
24 °
Сб
11 °
Вс
7 °
Пн
8 °

Соңғы мақала