27.2 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында сүйек кемігі доноры күні аталып өтті

Ақмола облысында сүйек кемігі доноры күні аталып өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Дүниежүзілік сүйек кемігі доноры күніне орай шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Жасөспірімдер өздерінің суреттері арқылы донорларға алғыстарын білдірді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі KOKSHE телеарнасына сілтеме жасап хабарлады.

Сүйек кемігі – қан түзу жүйесінің негізгі органы. Ол ауыр қан ауруларын емдеуде шешуші рөл атқарады. Қазақстанда сүйек кемігі донорларының ұлттық тізімі жұмыс істейді. Қазіргі таңда онда 13,5 мыңнан астам ерікті тіркелген. Алайда олардың тек 20-сы ғана нақты донор бола алды.

«Сүйек кемігіне донор болу – онкологиямен және басқа да ауыр дерттермен күресіп жүрген адамдарға өмір сыйлаудың бір жолы. Тізімге кіру үшін келісім беріп, анкета толтырып және қан талдауын тапсыру жеткілікті», – деді облыстық қан орталығының дәрігері Айнұр Манапова.

Көп жылдан бері донор болып жүрген Бауыржан Ибраев жастар арасында донорлық мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды:

«Жылдар бойы қан тапсырғанда талай жанға көмектескенімді көрдім. Ендігі мақсатым – тек көмектесіп қана қоймай, жастарға донорлықтың мәнін түсіндіру. Бұл мейірімділікке, өзгеге қол ұшын созуға тәрбиелейді», – деді ол.

Байқауға қатысушылардың суреттері әлеуметтік желілерде жарияланып, онлайн дауыс беру ұйымдастырылды. Жеңімпаздар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Үшінші орынды иеленген Нұрислам Өтешов есейгенде сүйек кемігі доноры болатынын айтты.

Бұл байқау халық арасында донорлық туралы ақпараттандыру айлығының бір бөлігі болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шаралар жалғасын табады. Мақсат – донорларға құрмет қалыптастыру және жастарды қайырымдылық бастамаларына тарту.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
27.2 ° C
27.2 °
27.2 °
29 %
11kmh
0 %
Чт
27 °
Пт
24 °
Сб
11 °
Вс
7 °
Пн
8 °

Соңғы мақала