25.2 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында коммуналдық сала қызметкерлері күні аталып өтті

Ақмола облысында коммуналдық сала қызметкерлері күні аталып өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетау қаласында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің кәсіби мерекесі кең көлемде атап өтілді. Қалалық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиынға коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері, саланың ардагерлері және белсенді тұрғындар жиналды. Бұл күн — қаланың тазалығы мен тәртібін, жылуы мен суын қамтамасыз етіп жүрген жандардың еңбегіне деген құрмет пен алғыстың белгісі, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Құттықтау сөз сөйлеген Көкшетау қаласының әкімі Ануар Құмпекеев 2025 жыл Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы деп жарияланғанын атап өтті. Оның айтуынша, дәл осы коммуналдық сала өкілдері қоғамға адал әрі тұрақты еңбек етудің үлгісі бола алады.

«Коммуналдық сала мамандары — бұл ауызсу, жылу, жарық, көше тазалығы, аулалардың жайлылығы мен жол қауіпсіздігі секілді маңызды қызметтерді қамтамасыз ететін жандар. Бұл – көп жағдайда көзге көрінбейтін, бірақ өте жауапты және күрделі еңбек. Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің еңбектеріңіз – қалалық инфрақұрылымның тұрақтылығының іргетасы. Мемлекет басшысы да тұрғын үй-коммуналдық саланы тұрақты дамыту үшін қызмет көрсету стандарттарын қайта қарап, коммуналдық нысандардың жай-күйіне бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, нарық талаптарына сай келетін теңгерімді тариф саясатын енгізу де маңызды» , – деді қала әкімі.

Қала басшысының алғыс хаттарымен 78 адам марапатталды. Олардың қатарында сала ардагерлері, кәсіпорын мамандары, шеберлер, жүргізушілер, диспетчерлер, есепшілер, электриктер, сантехниктер, дәнекерлеушілер, инженерлер, сондай-ақ тұрғын үй басқару бірлестіктері мен ПИК төрағалары бар. Марапат иелері қатарында: Төле ген Шақұбаев, Ольга Шиллер, Төлеубек Ибраев, Алим а Тасымова, Любовь Савинова, Наталья Глушакова, Марат Искаков, Болат Идрисов, Александр Добычин, Людмила Наумова, Әсем Саркина, Галина Волокитина, Лариса Кучма, Мұрат Исмағамбетов және басқа да сала майталмандары бар.

Салтанатты жиында «Халық қатысатын бюджет» жобасының жеңімпаздары — белсенді қала тұрғындары да назардан тыс қалмады. Бұл бағдарлама аясында қала тұрғындары өз аулаларын көркейтуге қатысты идеяларын ұсынып, онлайн дауыс беру арқылы қолдау тауып, жобаларына қаржыландыру ала алады.

Нәтижесінде, 20-дан астам бастамашыл топ балалар ойын алаңдарын салуға арналған сертификатқа ие болды. Олардың қатарында Заставный, Юбилейный, Сарыарқа, Боровской ықшам аудандары мен қаланың орталығынан келген тұрғындар бар. Олар көршілерін жұмылдырып, жобалық өтінімдерін дайындап, іріктеуден сәтті өтті. Енді бұл аудандарда жаңа ойын және спорт алаңдары салынады.

Сондай-ақ, балалар футбол алаңдарын салуға арналған сертификаттар 6 бастама тобына табысталды. Жеңімпаздар — өз идеяларын ұсынумен қатар, дауыс жинауға, жобаны қорғауға және мердігер ұйымдармен байланыс орнатуға белсене қатысқан тұрғындар.

 «Біздің ықшам ауданымызда бұрын-соңды балаларға арналған инфрақұрылым болмаған. Енді осы жоба аясында қаржыландыру алып, құрылыс жұмыстары жақын арада басталады. Бұл — тек бастамасы, біз жыл сайын қатысуға ниеттіміз», – дейді белсенді тұрғын Анастасия Асенова.

Мерекелік шара алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстаумен, сондай-ақ концерттік бағдарламамен аяқталды. Коммуналдық қызметкерлер күні — күнделікті көзге көрінбейтін, бірақ әрбіріміздің жайлы өміріміз үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарға деген ризашылық пен құрметтің нағыз мерекесіне айналды.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
25.2 ° C
25.2 °
25.2 °
41 %
14kmh
0 %
Пн
25 °
Вт
7 °
Ср
13 °
Чт
16 °
Пт
11 °

Соңғы мақала