11.2 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында инвестициялар артып, жаңа өндірістер ашылуда

Ақмола облысында инвестициялар артып, жаңа өндірістер ашылуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы өз жұмысын қорытындылап, баспасөз жиынын өткізді. Жиында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар айтылды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Басқарма басшысы Бақытжан Сапардың айтуынша, облыс экономикасы жақсы дамып келеді. Көптеген инвесторлар жаңа жобаларға қаржы салып, жаңа жұмыс орындары ашылуда.

«Әр жұмсалған теңге нақты нәтиже беруі керек. Жаңа жұмыс орындары ашылып, өндіріс күшейіп, облыс бюджеті толығуы тиіс», – деді басқарма басшысы.

Биылғы 8 айда облыста 1,6 триллион теңгенің өнімі өндірілген. Машина жасау, азық-түлік пен ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу салалары жақсы дамып келеді.

Басқарма болашақта өндірістерді жаңартып, жаңа жобаларға қолдау көрсетпек. Жаңа кәсіпорындар ашылып, тұрғындарға пайда әкелуі басты мақсат.

Облыста инфрақұрылымы дайын өндіріс аймақтары құрылып жатыр. Бұл – зауыт-фабрикалар ашуға және жаңа жұмыс орындарын құруға жақсы мүмкіндік береді.

Шағын және орта бизнеске де көмек бар екенін ерекше атап өтті. Кәсіпкерлерге гранттар, жеңіл несиелер және кеңес беру қызметтері көрсетіліп жатқанын мәлімдеді.

Барлық жұмыс – халықтың өмірін жақсарту үшін жасалып жатыр. Облыс тұрғындарымен, кәсіпкерлермен ашық жұмыс істелуде.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
11.2 ° C
11.2 °
11.2 °
82 %
2kmh
0 %
Ср
12 °
Чт
18 °
Пт
17 °
Сб
19 °
Вс
20 °

Соңғы мақала