4 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында интернет-алаяқтыққа қарсы шаралар күшейтілді

Ақмола облысында интернет-алаяқтыққа қарсы шаралар күшейтілді

Сондай-ақ, оқыңыз...

Бүгінде интернет-алаяқтық қоғамдағы ең өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ақмола облысында да бұл бағытқа қарсы қабылданып жатқан шаралар брифинг барысында киберқылмыстың алдын алу басқармасының аға жедел уәкілі Бекзат Назарова мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Маманның айтуынша, полиция департаменті тарапынан киберқылмыстардың алдын алу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілгенімен, азаматтардың сенгіштігі алаяқтардың оңай олжа табуына мүмкіндік беріп отыр. Жыл басынан бері облыс аумағында интернет-алаяқтықтың 964 фактісі тіркелген. Оның ішінде мемлекеттік қызметшілер, білім саласының қызметкерлері, сондай-ақ жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жиі зардап шегуде.

«Алаяқтар түрлі айла-тәсілдерді қолданады. Кейде олар өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, жалған қауіп туралы айтып, азаматтарды өз мәліметтерін беруге көндіреді. Осындай сәттерде адамдар асығыс шешім қабылдап, өз ақшасынан айырылып жатады», – дейді Бекзат Назарова.

Соңғы уақытта алаяқтық схемаларда «дропперлер» деп аталатын делдалдардың рөлі күшейген. Олар – өз банктік карталарын үшінші тұлғаларға беріп, заңсыз ақша айналымына қатысатын адамдар. Көбінесе мұндай әрекетке жеңіл табыс іздеген жастар барады.

Осыған байланысты елімізде заңнама күшейтіліп, дропперлік үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Енді мұндай әрекеттер үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

«Көп жағдайда жастар оңай ақша табуға алданып қалады. Бірақ олар өз әрекеттерінің заң алдында жауапкершілікке әкелетінін ескере бермейді. Банктік картаны басқа біреуге беру – өте қауіпті және заңсыз әрекет», – деп атап өтті спикер.

Мамандар азаматтарға сақтық шараларын қатаң ұстануды ұсынады. Соның бірі – «eGov Mobile» қосымшасы арқылы несие алуға ерікті түрде тыйым қою қызметін пайдалану. Бұл мүмкіндік алаяқтардың азаматтың атына заңсыз несие рәсімдеуіне жол бермейді.

Жалпы, сарапшылардың пікірінше, интернет-алаяқтықпен күресте ең тиімді құрал – ақпараттану мен сақтық. Азаматтар цифрлық қауіпсіздік ережелерін біліп, күмәнді ұсыныстардан аулақ болған жағдайда ғана өздерін қаржылық шығыннан қорғай алады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
few clouds
4 ° C
4 °
4 °
76 %
0.6kmh
13 %
Чт
4 °
Пт
13 °
Сб
14 °
Вс
14 °
Пн
16 °

Соңғы мақала