-12.8 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында «Газбаллон» акциясы: тұрғындарды қауіпсіздікке шақыру

Ақмола облысында «Газбаллон» акциясы: тұрғындарды қауіпсіздікке шақыру

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыстың Төтенше жағдайлар департаменті республикалық «Газбаллон» акциясын өткізді. Акция барысында полиция, газ саласының мамандары және еріктілермен бірге тұрғындарға газ баллондық жабдықтарды қауіпсіз пайдалану жолдары түсіндірілді. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылауы басқармасының міндетін атқарушы басшысы Досбол Жақсыбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Спикердің мәлімдеуінше, акция кезінде арнайы назар газ баллондық жабдықтары бар көліктерді қауіпсіз орналастыруға аударылды. Олар: басқа мақсаттағы ғимараттар, жабық автотұрақтар мен паркингтер және жер деңгейінен төмен орналасқан тұрақтар. Бұл талаптарды бұзу адамдар үшін нақты қауіп тудырады, сондықтан тексерулер күшейтілді.

Акция барысында полиция рұқсатсыз қайта жабдықталған көліктерді басқарған 30 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаменті жүргізушілердің өрт сөндіргіштері бар-жоғын тексеріп, автокөлікті қауіпсіз пайдалану ережелерін түсіндірді.

«Кішкентай ереже де адамның өмірін сақтай алады, әр әрекетіміз жауапкершіліктен басталады», – деді Досбол Жақсыбаев.

Көпқабатты үйлердің тұрғындары мен ұйым басшыларымен де түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жабық жер асты паркингтеріне газ баллондық көліктерді кіргізбеу, тұрмыстық газ баллондарын автогаз құю станцияларында толтырмау мәселелері назардан тыс қалмады. Жүргізушілерге және операторларға ақпараттық материалдар таратылып, жабдықтарды дұрыс пайдалану ережелері түсіндірілді.

Сондай-ақ, ақпараттық науқан әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы кеңінен жүргізілді. Акция барысында әлеуметтік желілерде 100-ден астам хабарлама жарияланып, адамдар көп жиналатын жерлерде дауыстық құрылғылар арқылы, сондай-ақ радио арналарында 300 шақырымға жуық ескерту хабарламалары берілді. Мәдениет үйлері мен сауда орталықтарындағы LED экрандар мен кинотеатрдағы қысқаметражды роликтер арқылы өрт қауіпсіздігі туралы ақпарат таратылды.

«Әр тұрғынның жауапкершілігі – апаттардың алдын алудың ең сенімді жолы. Қауіпсіздік – әркімнің өз қолында»,-деп қорытындылады спикер.

Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды газ баллондарын пайдалану кезінде барлық қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Сақтық пен жауапкершілік – апаттардың алдын алу мен өмірді қорғаудың басты кепілі.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-12.8 ° C
-12.8 °
-12.8 °
78 %
8kmh
100 %
Пн
-12 °
Вт
-17 °
Ср
-14 °
Чт
-9 °
Пт
-5 °

Соңғы мақала