-17.6 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа қызмет ашылды

Ақмола облысында ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған жаңа қызмет ашылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Облыста алғаш рет ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған ерте қолдау қызметі кабинеті өз жұмысын бастады. Бұл қызмет Бурабай ауданының Щучье қаласындағы психолого-педагогикалық түзету кабинеті №6 базасында ашылды. Жаңа кабинет ерекше қажеттіліктері бар 0-3 жас аралығындағы балаларға бағытталған, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Ерте қолдау қызметінің негізгі мақсаты – баланың функционалдық дамуын арттыру және ата-аналарды күнделікті тәрбие мен оқыту мәселелерінде қолдау көрсету. Мұнда балаларға өмірлік дағдыларды меңгеруге, отбасымен және қоғаммен дұрыс қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік жасалады. Сондай-ақ, ата-аналардың біліктілігі арттырылып, баланың жаңа дағдыларды меңгеруі үшін қолайлы жағдай жасалады.

Қызмет іске қосылған алғашқы кезеңде 11 бала түзетуші көмек алды. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта артатын болады деп күтілуде. Қазіргі таңда облыс бойынша әрбір аудан орталығы мен қалада барлығы 21 психолого-педагогикалық түзету кабинеті жұмыс істеп, 2000-нан астам бала қамтылған.

Мамандардың айтуынша, ерте қолдау қызметі балалардың әлеуметтік бейімделуін арттырып, олардың өмірге деген сенімін нығайтады. Сонымен қатар, ата-аналар балаларын дамыту жолында кәсіби кеңес пен нақты көмек ала отырып, отбасының әл-ауқатын арттыра алады. Бұл бастама өңірде инклюзивті білім беруді дамытуға, балаларға тең мүмкіндік жасауға бағытталған маңызды қадам болып отыр.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
overcast clouds
-17.6 ° C
-17.6 °
-17.6 °
95 %
3kmh
100 %
Пт
-18 °
Сб
-13 °
Вс
-6 °
Пн
-2 °
Вт
1 °

Соңғы мақала