-17.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары арасында республикалық спорт фестивалі өтті

Ақмола облысында белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары арасында республикалық спорт фестивалі өтті

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында, көрікті Зеренді ауданында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары арасында республикалық спорт фестивалі өтті. Ауқымды шара елдің жеті өңірінен келген егде жастағы 100-ге жуық қатысушыны біріктіріп, белсенді өмір салты мен спортқа деген құлшыныс жастың шектеуіне бағынбайтынын айқын көрсетті, деп хабарлайды Өңірлік Коммуникациялар қызметінен.

Фестивальге Көкшетау, Астана, Шымкент қалаларынан, сондай-ақ Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарынан келген өкілдер қатысуда. Екі күн бойы қатысушылар ұлттық дәстүрлер мен кең таралған спорт түрлерін ұштастыратын жарыстарда бақ сынайды. Атап айтқанда, асық ату, тоғызқұмалақ, шахмат және үстел теннисі бойынша сайыстар ұйымдастырылған.

Фестивальдің ең жасы үлкен қатысушысы – Қарағанды облысынан келген 76 жастағы спортшы, ол асық ату сайысына қатысып, көпшілікке үлгі болды.

Фестиваль аясында қазіргі уақытта 63 жастан асқан ерлер мен әйелдер арасында үстел теннисінен республикалық турнир де өтуде. Бұл жарыс Ақмола облысында алғаш рет ұйымдастырылып отыр және елдің жеті өңірі мен қаласынан келген спортшыларды жинады. Тартысты бәсеке нәтижесінде көшбасшылар анықталып, қатысушылардың жоғары дайындық деңгейі мен нағыз спорттық рухы байқалуда.

Жарыстың бас төрешісі, Ақмола облысының аға жаттықтырушысы Көбеген Саламатов мұндай турнирлердің маңызын атап өтті:

«Біздің мақсатымыз – спорттың 60 жастан кейін де өмірдің ажырамас бөлігі болып қала беретінін көрсету. Қатысушылар бар күшін салып ойнайды, жарыстардың деңгейі шынымен жоғары».

Фестиваль тек спорттық дода ғана емес, сонымен қатар пікір алмасу мен тәжірибе бөлісетін алаңға айналды. Қатысушылар белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарындағы сабақтар туралы әсерлерімен және жеке оқиғаларымен бөлісуде. Астанадан келген Жамалхан Тоғысова тоғызқұмалақты дәл осы орталықта үйренгенін айтады:

«Бұл көне ойын ойлау қабілетін дамытып, ұсақ моториканы жетілдіреді әрі ішкі тыныштық сыйлайды. Зейнеткерлер үшін осындай турнирлер ұйымдастырылып, белсенді өмір сүруге жағдай жасалып жатқанына қуаныштымыз»,-деді Жамалхан Тоғысова.

Ал Щучье қаласынан келген спорт ардагері Қабылтас Жұматай фестивальдің маңыздылығын ерекше атап өтті:

«63 жастан асқан адамдарға арналған мұндай ауқымды фестиваль елімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Ұйымдастыру деңгейі жоғары, әрі қасиетті Көкшетау жерінде өтіп жатқанының өзі ерекше мәнге ие. Мұндай шаралар адамға қуат беріп, белсенді болуға ынталандырады»,-деді спорт ардагері.

Айта кетейік, бүгінде Қазақстанда 127 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді. Олар «бір терезе» қағидаты бойынша белсенді ұзақ өмір, денсаулық мәдениеті және қоғаммен байланыс бағыттарында қызмет көрсетеді. Бұл орталықтардың мақсаты – қарт адамдардың өмір сапасын жақсарту, оларды қоғамдық өмірге тарту және спорттан бастап зияткерлік ойындар мен цифрлық сауаттылыққа дейінгі жүйелі бос уақытты дамыту.

Ақмола облысында өткен республикалық спорт фестивалі белсенді ұзақ өмір сүрудің Қазақстанда жай ғана ұғым емес, қоғамдық өмірдің нақты әрі сұранысқа ие бөлігіне айналып келе жатқанын айқын көрсетті.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
-17.8 ° C
-17.8 °
-17.8 °
78 %
5kmh
0 %
Ср
-13 °
Чт
-12 °
Пт
-4 °
Сб
-4 °
Вс
-13 °

Соңғы мақала