16 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында балалар денсаулығына ерекше назар аударылуда

Ақмола облысында балалар денсаулығына ерекше назар аударылуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында 2025 жылғы 22 мамыр мен 1 маусым аралығында Халықаралық балаларды қорғау күніне орайластырылған «Қазақстан балалары» Конвенциясы аясында барлық медициналық ұйымдарда Ашық есік күндері өтуде. Бұл туралы  Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала және қоғамдық денсаулықты қорғау бөлімінің басшысы Гүлмира Мұқашева мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Атаулы шара аясында медицина қызметкерлері «Салауатты балалық шақ – салауатты болашақ» акциясын өткізіп, ата-аналар мен балаларға денсаулықты сақтау бойынша кеңес береді. Сонымен қатар, ашық алаңдарда мерекелік-ойын бағдарламалары мен асфальтта сурет салу акциялары ұйымдастырылуда.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында 228 мыңнан астам бала тұрады. Балалардың денсаулығын қорғау – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Көпбейінді облыстық балалар ауруханасында 2025 жылдың алғашқы төрт айында 4000-нан астам бала емделген. Оның ішінде 150 мүгедек бала, 330 бала оңалту бағдарламасынан өткен. Медицина саласындағы тағы бір жетістік – мүмкіндігі шектеулі 8 жасар балаға алғаш рет севоран препаратын қолданып стоматологиялық көмек көрсетілгені.

«Облыста балаларға арналған арнайы медициналық қызметтер – оториноларингология, нейрохирургия, урология және хирургия бағыттары бойынша жоғары деңгейде жүзеге асырылуда», деп толықтырды спикер.

Сонымен қатар, неонаталдық, аудиологиялық және психофизикалық скринингтер тұрақты жүргізіліп келеді. Бұл ерте жастағы балалар арасындағы ауруларды уақтылы анықтап, алдын алу шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы барлық балаларды және ата-аналарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтай отырып, балалардың денсаулығы мен бақытты болашағы үшін бірлесе жұмыс істеуге шақырады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
few clouds
16 ° C
16 °
16 °
71 %
1.5kmh
20 %
Чт
16 °
Пт
25 °
Сб
27 °
Вс
26 °
Пн
27 °

Соңғы мақала