12.7 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысында Алғыс айту күні кеңінен аталып өтіледі

Ақмола облысында Алғыс айту күні кеңінен аталып өтіледі

Сондай-ақ, оқыңыз...

1 наурызда Қазақстанда Алғыс айту күні атап өтіледі. Биыл бұл мереке Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойымен қатар өтеді. Мереке аясында бүкіл республика бойынша қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға бағытталған 20-дан астам іс-шара жоспарланған. Бұл туралы брифинг барысында Ақмола облысының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Қуаныш Шақшақов мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Алғыс айту күніне арналған алғашқы бастамалар 25 ақпанда «Еңбек күші: халықтың бірлігі» жобасы аясында басталады.

«Алғашқы акция аясында ҚХА өкілдері Бурабай ауданының Николаевка ауылдық округіне барып, «Журавлевка» ЖШС-нің үздік қызметкерлерін өңірдің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапаттаймыз. Сонымен қатар, жергілікті мектепте мемлекеттік тілді оқыту орталығы мен ұлттық ойындарды жастар арасында насихаттауға арналған «Ұлттық ойындар» орталығы ашылады», — деді Қуаныш Шақшақов.

Сондай-ақ, мереке аясында әскери бөлімге сапар ұйымдастырылып, онда курсанттардың аналарына алғыс хаттар табыс етіледі. Өңірдің оқу орындарында Алғыс айту күніне арналған дәрістер өткізіледі, оған ақсақалдар, ғылыми-сараптамалық топтың мүшелері және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысады.

1 наурызда өтетін басты іс-шара – барлық өңірлер үшін бірыңғай үлгі бойынша жасалған «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» естелік тақтайшасының салтанатты ашылуы жоспарланған. Кейін қонақтар үшін ҚХА тарихына арналған фотокөрме мен «Бірлік пен келісімнің 30 жылы» атты облыстық форум ұйымдастырылады. Күннің ресми бөлімі  Тәуелсіздік алаңында  гүл шоқтарын қоюмен аяқталады. Сондай ақ осы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қайырымдылық керуені» акциясын бастайды, ол әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған.

«Бұл бастама аясында, біз Ассамблеяның алғашқы ардагерлеріне барып, оларға құрмет көрсетеміз деп отырмыз. Көкшетау қаласының перинаталдық орталығында жас аналар мен нәрестелерге ҚХА мерейтойына арналған естелік сыйлықтар табыстау да ойда бар. Декоративті-қолданбалы өнер шеберлерінің одағы «Жылы жүрек» пансионатына барып, қарт адамдарға қолдан тоқылған жылы орамалдар мен азық-түлік жиынтықтарын тапсырады. «Ақмола облысының орыс қауымы» қоғамдық бірлестігі №14 мектептің оқушыларына мектеп құралдарын сыйлайды. ҚХА еріктілері мен «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі коммуналдық қызметкерлерге тәттілер, бауырсақ және ыстық шай ұсынып, алғыс білдіреді», — деп толықтырды спикер.

Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері Алғыс айту күніне арналған мерекелік шараларға қатысып, бірлік пен келісімнің үлкен мерекесінің бір бөлігі болуға шақырады!

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light rain
12.7 ° C
12.7 °
12.7 °
81 %
2.5kmh
99 %
Ср
13 °
Чт
19 °
Пт
16 °
Сб
19 °
Вс
20 °

Соңғы мақала