-4.7 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында 27 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Ақмола облысында 27 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Биылғы жылдың тоғыз айында Ақмола облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 932 өтініш түсті. Бұл туралы брифинг барысында ҚР Сауда және тұтынушылар құқықтарын қорғау комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Самат Сайдалин мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Басшы орынбасарының мәлімдеуінше 628 өтініш бойынша азаматтардың құқықтары қорғалған. 175 жағдайда түсініктемелер беріліп, қалғандары қайта бағытталып немесе қайтарылды. Нәтижесінде тұрғындарға ақшалай қаражаттарын қайтарып алуға көмек көрсетілді.

Жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша 20 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы жеті кәсіпкер қайталап айыппұл арқалады.

«Негізгі құқық бұзушылықтар тұтынушының шағымына белгіленген мерзімде жауап бермеумен байланысты. Сонымен қатар сауда орындарында уәкілетті органдар туралы ақпарат жиі көрсетілмейді. Бұл азаматтардың өз құқықтарын дер кезінде қорғауына кедергі келтіреді», – деді Самат Сайдалин.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылауға ерекше көңіл бөлінуде. 174 заңбұзушылық анықталып, тексеру қорытындысы бойынша 167 кәсіпкерге айыппұл салынды.

Нарықты тұрақтандыру мақсатында өңірде «Береке Fest» акциясы іске асырылып жатыр. Ол сауда үстемелерін төмендетіп, шаруалардан дүкендерге тікелей жеткізуді жолға қоюға мүмкіндік беруде.

Сонымен қатар, департамент ақпараттық жұмыстарды да белсенді жүргізуде. Биылдың өзінде әлеуметтік желілерде 900-ге жуық материал жарияланып, брифингтер, кеңестер мен дөңгелек үстелдер өткізілген.

«Сапалы өнім» жобасы аясында азық-түлік пен тұрмыстық тауарлар тексерілуде. 28 үлгінің тек бесеуі ғана стандарттарға толық сәйкес келген, ал кейбір өнімдердің мерзімі өтіп кеткен немесе таңбалау талаптары сақталмағаны анықталды.

Бұдан бөлек, биылғы өнім есебінен аймақ көкөніс қорын толық қамтамасыз етті. 9 мың тоннадан астам өнім жиналып, бағаны тұрақтандыру үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Осы өнімдер ірі сауда желілері мен әлеуметтік дүкендер арқылы сатылып жатыр.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
few clouds
-4.7 ° C
-4.7 °
-4.7 °
63 %
4.6kmh
20 %
Ср
5 °
Чт
7 °
Пт
8 °
Сб
7 °
Вс
6 °

Соңғы мақала