-0.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысында 124 жол жөндеу жобасы жүзеге асырылуда

Ақмола облысында 124 жол жөндеу жобасы жүзеге асырылуда

Сондай-ақ, оқыңыз...

Биыл Ақмола облысында 500 шақырым автожол жөнделмек. Бұл жұмыстарды іске асыруға бюджеттен 60 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Жаңартылып жатқан жолдардың сапасына ерекше назар аударылып отыр, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірде облыстық және жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге бағытталған 124 жоба жүзеге асырылуда. Жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қолданылған материалдардың сапасын Ақмола облысы бойынша РМҚ «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» филиалы қадағалайды.

Жыл басынан бері филиал инженерлері 77 нысанда 202 инспекциялық тексеріс жүргізіп, жол жөндеу жұмыстары барысында қолданылған материалдардан 800-ге жуық сынама алған. Лабораториялық зерттеу нәтижесінде олардың 180-і талаптарға сай емес екені анықталды.

Филиалдың негізгі мақсаты – жол жөндеу сапасын арттыру. Қазіргі таңда «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» техникалық бақылаудың электрондық базасын қалыптастыруда.

«Жобаларды жүзеге асыру барысында барлық тараптың тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін ақауларды және сәйкессіздіктерді тіркеу жүйесі іске қосылды. Барлық анықталған кемшіліктер «KazRoadLab» сапаны сараптау цифрлық порталына енгізілді. Бұл деректерді тапсырыс берушілер – яғни, әкімдіктер – тұрақты түрде бақылап отыра алады», – деді Ақмола облысы бойынша филиал директоры Талғат Қайратхан.

Оның айтуынша, орталық мамандары нысандарға тұрақты түрде барып, құрылыс материалдарынан сынама алады, оларды зертханалық тексерістен өткізіп, стандарттарға сәйкестігін анықтайды. Мұндай тексерістердің басты мақсаты – жол жөндеу барысында туындайтын кемшіліктерді дер кезінде анықтап, жою.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-0.8 ° C
-0.8 °
-0.8 °
86 %
3kmh
75 %
Сб
0 °
Вс
-1 °
Пн
-3 °
Вт
-17 °
Ср
-13 °

Соңғы мақала