-3.5 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтарАқмола облысы: «Серпін» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам студент түлеп ұшты

Ақмола облысы: «Серпін» бағдарламасы бойынша 2 мыңнан астам студент түлеп ұшты

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында мемлекеттік «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түсетін студенттердің саны жыл сайын артып келеді. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті 2014 жылдан бері бұл бағдарламаға қатысып келеді. Бұл туралы университеттің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры Ардақ Қапышев мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Бағдарламаның басты мақсаты — оңтүстік өңірлердің жастарын қолдау және солтүстік, орталық пен шығыс облыстардағы кадр тапшылығын шешу. Бағдарлама іске қосылғалы бері аталған университетте 2 мыңнан астам студент жоғары білім алып, түлеп шыққан. Қазіргі уақытта бағдарлама бойынша Алматы, Жетісу, Қызылорда, Түркістан және Жамбыл облыстарынан келген студенттер білім алуда.

«Біз жыл сайын оңтүстік өңірлерге барып, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргіземіз және түлектерді біздің университетке оқуға шақырамыз. Соның нәтижесінде оқу орнымыз «Серпін» бағдарламасы бойынша қабылданған студенттер саны жағынан тұрақты түрде 1–2 орын алады», – деді Ардақ Қапышев.

Студенттер мемлекеттік грант негізінде тегін білім алып, шәкіртақы алады. Сонымен қатар олар жатақханамен қамтылған және үйіне тегін жолақымен бара алады. «Серпін» бағдарламасының студенттері түрлі ұйымдар мен іс-шараларға белсенді қатысып, олимпиадаларда жеңімпаз атанып жүр.

Бағдарлама түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесіне де ерекше көңіл бөлінуде. 2023 жылдан бастап серпіндіктер елдің сегіз облысында еңбек жолын жалғастыра алады. Статистикаға сүйенсек, түлектердің шамамен 15 пайызы Ақмола облысында қалып, отбасын құрып, өмірін осында жалғастыруда.

Сондай-ақ университет базасында облыс әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев басқаратын «Серпін» өңірлік жобалық офисі құрылған. Оның негізгі міндеті – студенттерді қолдау және әлеуметтік мәселелерді жедел шешу.

«Жобалық офис құру бағдарламаның дамуына серпін берді. Енді бейімделу, жұмысқа орналасу және тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері жергілікті атқарушы органдардың тікелей қатысуымен жедел шешілуде», – деді проректор.

Мұндай жүйелі қолдау студенттердің болашаққа сеніммен қарауына және өңір тарапынан нақты қолдауды сезінуіне мүмкіндік беріп отыр.

Бүгінде «Серпін» бағдарламасының көптеген түлектері Ақмола облысының мектептерінде және түрлі мекемелерінде қызмет атқарып, білім беру мен ауылдық аумақтарды дамыту ісіне өз үлестерін қосуда. Олардың үлгісі жаңа студенттердің еңбек жолын осы өңірде бастауға ынталандырады.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
scattered clouds
-3.5 ° C
-3.5 °
-3.5 °
55 %
4kmh
36 %
Вт
-3 °
Ср
6 °
Чт
7 °
Пт
8 °
Сб
9 °

Соңғы мақала