20.2 C
Kokshetau
Басты бетБрифингАқмола облысы 2025 жылы ауқымды әлеуметтік құрылыс бағдарламасын жүзеге асыруда

Ақмола облысы 2025 жылы ауқымды әлеуметтік құрылыс бағдарламасын жүзеге асыруда

Сондай-ақ, оқыңыз...

2025 жылы Ақмола облысында білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және тұрғын үй салаларын қамтитын ауқымды әлеуметтік құрылыс бағдарламасы іске асырылып жатыр. Бұл туралы брифинг барысында  Ақмола облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқарма басшысының  м.а Азамат Байқуанышев мәлім етті,  деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен. 

Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жалпы бюджеті шамамен 42 млрд теңгені құрайды, оның ішінде тек әлеуметтік инвестициялық жобаларға 37,7 млрд теңге бағытталған.

Қазіргі уақытта 53 нысанның құрылысы жүргізілуде, олардың 37-сін биыл аяқтау жоспарланып отыр. Қаржыландырудың елеулі бөлігі қайтарылған жемқорлық активтерінен түсіп, қосымша салықтық қаражат тартпай-ақ мектептер, ауруханалар, спорт кешендері мен мәдениет орталықтарын салуға мүмкіндік беруде. Мәселен, Зерендеде спорт мектебі және төрт ауылдық медициналық нысан пайдалануға берілді, ал Көкшетауда 650 орындық арена, әртүрлі спорт түрлеріне арналған залдар және заманауи ату тирі бар көпфункциялы кешен салынуда.

Білім беру саласында жалпы құны 18,7 млрд теңге болатын 10 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Олардың қатарында Бестөбедегі мектеп пен Көкшетаудағы мектеп-интернат бар — екі жоба да қайтарылған активтер есебінен толығып отырған Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры арқылы жүзеге асуда. Жыл соңына дейін бес жаңа мектеп, екі жатақхана және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған алғашқы мамандандырылған балабақша ашылады. Денсаулық сақтау саласында 14 нысанның құрылысы аяқталмақ, оның ішінде толық қызмет көрсету мүмкіндігі бар Степняк қаласындағы бірегей медициналық кешен және «Ауыл — ел бесігі» бағдарламасы аясында тоғыз ауылдық медициналық мекеме бар.

«Спорт инфрақұрылымын дамытуға да ерекше назар аударылуда — жыл соңына дейін сегіз нысан ашылады. Олардың ішінде Щучинскідегі спорт сарайы, Макинскідегі бассейн, сондай-ақ бірнеше ауылдағы ашық кешендер мен ФОК-тар бар. Мәдениет саласында 15 жоба жүзеге асырылуда, оған мәдениет үйлері, демалыс орталықтары және Бурабайдағы тұрғындар мен туристер үшін жаңа тартымды орынға айналатын Променад кіреді» , деп толықтырды спикер.

Тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр: қазірдің өзінде 311 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 12%-ға артық. Жыл соңына дейін 521 пәтерлі 12 әлеуметтік тұрғын үй салынып, жеке құрылысшылардан әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға арналған тағы 686 пәтер сатып алынады. Жалпы 2025 жылы осындай 1 207 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі.

Бұдан бөлек, өңірде жаңа нысандардың жобалау жұмыстары белсенді жүргізілуде — мектептер мен амбулаториялардан бастап өрт сөндіру деполары, Бурабайдағы конгресс-орталық және Қосшыдағы IT-колледжге дейін. Барлық жобалар тұрақты бақылауда, ал басқарма өкілдерінің айтуынша, олардың жүзеге асырылуы жалғасын тауып, өңір тұрғындарына жайлы өмір сүру жағдайын, сапалы қызметтерге қолжетімділікті және дамудың жаңа мүмкіндіктерін қамтамасыз ету көзделуде.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
clear sky
20.2 ° C
20.2 °
20.2 °
56 %
8kmh
0 %
Пн
20 °
Вт
26 °
Ср
27 °
Чт
20 °
Пт
21 °

Соңғы мақала