-1.8 C
Kokshetau
Басты бетЖаңалықтар72 жастағы спортшы Алматыдағы веложарыста «қола» жүлдегер атанды

72 жастағы спортшы Алматыдағы веложарыста «қола» жүлдегер атанды

Сондай-ақ, оқыңыз...

Көкшетау қаласының 72 жастағы тұрғыны халықаралық деңгейдегі беделді Giro d’Almaty-2025 веложарысында үздік үштіктің қатарына еніп, «қола» медаль иегері атанды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Зейнеткер Анатолий Гонаго жас шамасына қарамастан, спорт пен жеңіске деген ұмтылыстың шексіз екенін дәлелдеді. Ол 60+ санатында жоғары нәтижеге қол жеткізіп, тамаша дене шынықтыру дайындығы мен ерік-жігерін көрсетті.

Жарысқа Қазақстан мен шетелден келген 200-ден астам спортшы қатысты. Қатысушыларды күрделі әрі шыдамдылықты талап ететін қашықтық күтіп тұрды. Әр секунд жарыстың тағдырын шешті. Соған қарамастан, ақмолалық ардагер мәреге дейін табандылық танытып, жеңіс тұғырына көтерілді.

«Мен он жылдан астам уақыттан бері велоспортпен айналысамын. Мен үшін жарыстың өзіне қатысудың өзі – үлкен қуаныш. Ал медальмен тұғырға шығу – бұл ерекше сезім», – деді Анатолий Гонаго.

Спортшының өмір жолы жастар үшін үлгіге, ал спортты кейінге қалдырып жүргендер үшін нағыз шабыт көзіне айналды. Оның табандылығы мен өмірге деген құлшынысы кез келген жаста жетістікке жетуге болатынын айғақтайды.

Giro d’Almaty жарысындағы «қола» медаль — Анатолий Гонаго үшін жай ғана жүлде емес, рух пен өзіне деген сенімнің символына айналды.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-1.8 ° C
-1.8 °
-1.8 °
93 %
3kmh
100 %
Вс
-2 °
Пн
-8 °
Вт
-18 °
Ср
-15 °
Чт
-11 °

Соңғы мақала