Ақмола облысында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту үшін инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жоспарланған. Оның ішінде сумен жабдықтаудың 68 нысанын салу және қайта жаңарту жобалары бар. Бұл туралы Ақмола облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Бақтыбек Жапаев журналистермен өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.
Басқарма басшысының айтуынша, құрылыс және реконструкция бойынша 30 жобаны биыл аяқтау жоспарланған, ал қалған 38-і келесі жылға ауыстырылмақшы.
«45 ауылда су құбыры желілерін салу жоспарланған болса, оның 32-сі үшін жобалау-сметалық құжаттары әзірленді. 45 ауылдың 16-сында биыл су құбыры желілері салынады. Тағы 5 ауыл үшін республикалық бюджеттен қосымша қолдау қажет. 29 ауылда су құбыры желілерінің құрылысын келесі жылында аяқтау жоспарда бар. Осы ауылдардың 16-сы үшін жобалар әзірленді», — деді Бақтыбек Жапаев.
96 ауылда 6,4 мың адамды сумен қамтамасыз ететін біріктірілген блок-модульдерді орнатуға ерекше назар аударылады. Биыл 48 елді мекенде жұмыстар аяқталады, қалған 48-і кешенді блок-модулі 2025 жылы орнатылады деп жоспарланып отыр. Бүгінгі таңда 32 ауылда орнату аяқталды, тағы 16-сы жыл соңына дейін аяқталады.
Келесі жылы сумен жабдықтау бойынша 44 жобаның 19-ы алдын ала қолдау тапты. Олар әртүрлі қалалар мен ауылдық елді мекендерде су құбыры желілерін салу мен қайта құруды қамтиды. Қаржыландыру жаңа желілерді салуды да, қолданыстағы су және кәріз жүйелерін қайта құруды да қамтиды.
«Жыл қорытындысы бойынша қалаларда сумен жабдықтауға қолжетімділік 99 пайызды, ал ауылдық елді мекендерде 96,1 пайызды құрайды. 2025 жылы облыстың барлық тұрғындары сумен жабдықтауға 100 пайызы қол жеткізеді», — деп түйіндеді Бақтыбек Жапаев.
ЕСКЕРТУ: Ұсынылып отырған мақала Ақмола облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің меншігі болып саналады. Материалды көшіруге ақпарат көзіне – rsk_aqmola (авторлық құқық иесі) гиперсілтеме жасай отырып рұқсат етіледі.