-8.8 C
Kokshetau
Басты бетБрифинг200-ден астам ақмолалық IT мектептерінде оқу үшін қолдау алды.

200-ден астам ақмолалық IT мектептерінде оқу үшін қолдау алды.

Сондай-ақ, оқыңыз...

Ақмола облысында көптеген тұрғындар IT саласына қызығушылық тудыруда. Жаңа мамандықты игеріп, тіпті өз кәсіптерін бастап жатыр. Бүгінге дейін 400 адам тегін оқып шыққан. Жыл соңына дейін бұл көрсеткіш 700 адамға жетпек. Бұл туралы «Инновациялық технологиялар паркі» филиалының директоры – Диан Айбашпанов мәлімдеді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Үш жылдан бері өңірде Tech Orda деген гранттық бағдарлама жұмыс істеп келеді. Соның арқасында 200-ден астам адам бес жекеменшік IT мектебінде тегін оқуға мүмкіндік алды. Курстар 6 айға созылады, ал бітірушілердің орташа айлығы — 453 мың теңге.

Сондай-ақ, Aqmola Hub орталығы да түрлі IT курстар өткізіп жүр. Мұнда тек бағдарламалау емес, кодсыз қосымша жасау, стартап ашу сияқты бағыттар да бар. 2025 жылдың соңына дейін тағы 700 адам осы курстардан өтеді деп жоспарланып отыр.

«Біз жастардың бұл салаға деген қызығушылығының артып келе жатқанын байқаймыз. Облыс орталығында оқуға, дағды дамытуға және өз идеясын іске асыруға барлық жағдай жасалған», – деді филиал директоры.

Курстардан бөлек, орталықта түрлі шаралар питчтер, воркшоптар, мастер-класстар өтеді. Қазірге дейін 200-ден астам іс-шараға 3000-нан көп адам қатысқан.

«Біз бағдарламаларды кеңейтіп, халықаралық сарапшыларды шақырып, жергілікті стартаптарға жаңа деңгейге шығуға көмектесеміз. Әр қатысушы өз идеясын жүзеге асыра алуы үшін бар күшімізді салудамыз», – деп қосты Айбашпанов.

Биыл Көкшетауда «Startup Orda» атты жаңа бағдарлама басталады. Ол 2 айға созылады, қатысушылар стартап жасауды үйреніп, тәжірибе жинайды. Қазірдің өзінде 50-ден астам адам өтінім беріп қойды.

IT-білім мен стартаптар — Ақмола облысы тұрғындарына жаңа мүмкіндіктердің жолын ашып отыр. Жаңа мамандық, жақсы табыс, өз ісін бастау – бәрі қолжетімді.

spot_img

Тақырып бойынша мақала

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз

Байланыста болыңыз

17,600Оқырмандарорындаңыз
1,200Оқырмандарорындаңыз
2,008Жазылушыларжазылу
Kokshetau
light snow
-8.8 ° C
-8.8 °
-8.8 °
86 %
8kmh
100 %
Вт
-8 °
Ср
-4 °
Чт
0 °
Пт
1 °
Сб
2 °

Соңғы мақала